Тегін медициналық көмек көрсетеді:

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық консультативтік диагностикалық медициналық орталығы » МКҚК-сі (Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 68А үйде орналасқан) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде келесі медициналық қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Стационарды алмастыратын көмек;
  2. Консультативтік-диагностикалық қызметтер (БМСК ұйымдарымен түзілген қосалқы мердігерлік шарттардың негізінде алғашқы медициналық санитариялық көмек маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша);
  3. Қымбат бағалы зерттеулер (КТ, МРТ, ПЦР -алғашқы медициналық санитариялық көмек маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша);
  4. Колоректалды қатерлі ісікті анықтау бойынша скринингтік зерттеулердің ІІ-кезеңі (колоноскопия) (гемокульт тесті оң нәтижелі болғанда алғашқы медициналық санитариялық көмек маманының жолдамасы бойынша).

Байланыс телефоны:          8 (7252) 36-71-86

                                               36-71-32