«Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы» МКҚК-да  пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмек алуға жіберу

1. Жалпы ереже

«Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы» МКҚК-да  пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмек (әрі қарай-КДК) алуға жіберу туралы Осы ереже  халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» қаулысымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен:

Медициналық көрсетім бойынша және МСАК мамандарының  немесе бейінді мамандар жолдамалары бойынша полимераздық тізбекті реакция, иммундық фенотиптеу, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, позитрондық эмиссиялық томография, бір фотондық эмиссиялық компьютерлік томография, ангиография, медициналық-генетикалық  зерттеулер негізінде диагностикалар: 18 жасқа дейінгі балаларға, жүктілерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері көп балалы аналарға, әлеуметтік мекенжайлық көмек алушыларға, зейнеткерлік жасқа толған зейнеткерлерге, жұқпалы, Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар (әрі қарай - әлеуметтік қорғалмаған топтар)

Бір ғана анатомиялық аймақтың МРТ зерттеулерін орындау 30-40 минут уақытты алады, контрастық заттармен жасалатын зерттеулер 60 минут  жүргізіледі.  Пациенттерді біркелкі бөлу үшін МРТ және КТ зерттеулеріне тіркеу орнында алдын ала жазылу жүргізіледі, сондай-ақ, бейінді мамандармен жолданған науқастар, әсіресе, контрастық препараттар қолданылатын зерттеулерге, олардың жанама әсерлерін және пациентте бүйрек жетіспеушілігі болған жағдайда қарсы көрсетім болуын ескере отырып, пациент өзімен бірге қанның креатинин талдауының нәтижесін және қымбат бағалы медициналық қызмет негіздемесімен амбулаторлық картасының көшірмесін ала келуі тиіс.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес. (21.04.2016 жыл жағдайына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

«ОКДМО» МКҚК пациенттердің құқықтары:

  1. Пациенттің Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген  тізімдемеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек алуға, сонымен бірге, ТМККК-нен тыс, қосымша өз қаражаты есебінен, ерікті сақтандыру жүйесі  және басқа да тыйым салынбаған қаржыландыру көзі есебінен көмек алу;
  2. «ОКДМО» МКҚК қызметкерлері тарапынан диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілу;
  3. Қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алу;
  4. Медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ «ОКДМО» МКҚК-ның еңбек тәртіптемесінің қағидалары туралы мәліметтер алу;
  5. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімге пациентке түсінікті болатын нысандағы медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді  алғаннан кейін пациенттің  қолы қойылады;
  6. Өз денсаулығының жай-күйі туралы, диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы толық ақпаратты  алу;
  7. Заң өкілдердің бірге жүруі (мүмкіндік бар бөлімшелерде);
  8. Көрсетілетін қызмет бойынша арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және пікірлерін сапа және пациент қауіпсіздігі менеджмент бөліміне  немесе шағымдар мен пікірлер журналына жазу;
  9. Өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат жөнінде мәліметті беруге тұлғаны таңдау;
  10. Пациент кәмілет жасына толмаған немесе денсаулығына байланысты өз құқықтарын пайдалана алмайтын жағдайда, оның құқықтарын заңды өкілі  жүзеге асырады;
  11. Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған құқықтардан басқалары.

Пациенттің және оның заңды өкілінің міндеттері:

  1. «ОКДМО» МКҚК нормалары мен қағидаларын сыйлау;
  2. Өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдану;
  3. Медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсету;
  4. Диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлау (шағымдар, ауырған аурулары, ауруханаға жатқаны және қабылдаған емдері, сонымен қатар, аллергиялары туралы) медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындау;
  5. Диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар ету;
  6. Пациент емдеу шешімдерінің салдары туралы мәлімет алғаннан кейін емдеу жоспарынан бас тартқаны және оны орындамағаны үшін жауапты;
  7. «ОКДМО» еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтау және мүлкіне ұқыпты қарау, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болу;
  8. Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамау, пациенттердің жеке, құпия ақпараттарын сақтауға;
  9. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, оның ішінде темекі шегуге қарсы күрес саясатын немесе кез-келген басқа да қоғамдық қауіпсіздік ережелерін қоса алғанда.

Пациенттер
үшін ақпарат

Дәрігерлерге сұрақтар