Цифрлық рентген аппарат Philips «Essenta DR» және Juno DRF жаңа туылған нәрестеден бастап салмағы 200 кг науқастарды зерттеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтар болып табылады. Цифрлық жүйе біртегіс детекторлармен жабдықталған. Детектор, пациент пен қызметкерлерге сәулелік әсерін төмендетеді. Биіктігі реттелетін жылжыма арба ауыр пациенттерді каталкадан түсірмей ақ зерттеуге мүмкіндік береді.

 

Villa System Medical  фирмасының "Apollo" рентгенаппараты сәулелі диагностика бөлімінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, бұл жабдықтың көмегімен барлық ренгенологиялық, сонымен қатар рентгеноскопиялық зерттеулер жүзеге асырылады. Рентген аппарат цифрлау рәсімінен толық өткен.

 

Келесі зерттеулер жүргізіледі:

  • Сүйек  және буын рентгеногрфиясы;
  • Омыртқа рентгенографиясы;
  • Бас сүйек рентгенографиясы;
  • Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгеногрфиясы;
  • Самай сүйегінің рентгеногрфиясы;
  • Көкірек қуысы, құрсақ қуысы, бүйрек рентгенография және рентгеноскопиясы;
  • Өңеш, асқазан және ішек (ирригоскопия) рентгеноскопиясы;
  • Урография;
  • Гистеросальпингография (жатыр түтіктерін  зерттеу)

Сәулелік диагностика бөлімі