Магниттік-резонанс томографиясы (МРТ) –  қазіргі таңда алдыңғы қатардағы заманауи әдіс. Жоғары диагностикалық ақпараттандыру көзі және науқасқа зиян келтірмейтін  инвазивтік емес зерттеу болып табылады. Бұл әдіс бас миы, арқа омыртқа, жұлын және сол сияқты құрсақ қуысы, құрсақтың  артқы кеңістігі, кіші жамбас, жүрек–қан тамырлар  жүйелерін тексеруде кең қолданылады.

 

МРТ кабинеті соңғы үлгідегі Philips фирмасының эксперт класты, қуаттылығы 1,5 Тесла томографымен жабдықталған. МРТ толық катушкалармен жабдықталуы (ОҚО бойынша біздің орталықта ғана) барлық анатомиялық аймақтарды зерттеуге  мүмкіндік береді.

 

 

 

КЕЛЕСІ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

  • Бас миын және жұлынды зерттеу;
  • Омыртқаны жан-жақты зерттеу;
  • Жүрек аурулары мен қан тамырларын диагностикасы;
  • Өкпе және кеуде органдарын зерттеу;
  • Құрсақ қуысын зерттеу;
  • Сүт бездерін зерттеу;
  • Барлық буындарды зерттеу;
  • Жүректі зерттеу;

Назар аударыңыздар!

Келесі жағдайларда науқастарға МРТ зерттеуінен өтуі тиым салынады:

  • Пациенттің ағзасында электрондық медициналық приборлар (кардиостимулятор  және т.б) болу жағдайда;
  • Пациенттің ағзасында металл элементтері бар жағдайда (протездер, клипсалар, жарқышақтар);
  • Пациентте психикалық ауытқулар болуы жағдайында;
  • Зерттеу кезінде қимылсыз қалыпта өзін ұстай алмайтын науқастар;

 

МРТ сәулелік зерттеулерінің ағзаға зияны жоқ!

Сәулелік диагностика бөлімі