КТ кабинеті Philips фирмасының 64 кескінді мультиспиральді компьютерлік томографымен жабдықталған. Бұл компьютерлік томограф, науқасты жоғары жылдамдықта тексеріп (санаулы секундта), сәулелік әсері төмен қабілетіне ие заманауи томограф болып табылады. Томограф жүрек тамырлары сияқты күрделі анатомиялық жүйелерді зерттеуге бейімделген. Одан басқа барлық адам ағзаларын жіңішке кескіндермен зерттейді.

 

КЕЛЕСІ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

  • Бас миын және жұлынды зерттеу;
  • Омыртқаны жан-жақты зерттеу;
  • Жүрек аурулары мен қан тамырларын диагностикасы (КТ-коронарография);
  • Өкпе және кеуде органдарын зерттеу;
  • Құрсақ қуысын зерттеу;
  • Сүйектерді  зерттеу;

 

 

Назар аударыңыз!

Компьютерлік томографтың негізгі артықшылықтары: жоғары жылдамдықпен зерттеулер жүргізу, зерттеу кезінде клаустрофобияның болмауы, сондай ақ  кардиостимулятор және эндопротездері бар науқастарға зертеулер жүргізуге болады.

Компьютерлік  томография  зерттеулерінің сәулелік әсері өте төмен!

Сәулелік диагностика бөлімі