Миссия

- дәлелді медицина принциптерінде тиімді заманауи медициналық технологияның қолданылуымен диагностиканың және емдеудiң қолжетімді, сапалы, қауіпсіз тиiмдi әдiстерiн орындай отырып, Қазақстан Республикасы халқына кәсіби білікті мамандармен жоғарымамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Пайымдау

- Қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға жағдай жасайтын түпкі нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған заманауи менеджмент және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарының негізінде Қазақстан тұрғындарына консультативтік диагностикалық қызметтің кең спектрін ұсыну.

- аурулардың диагностикасының заманауи тәсілдері мен қазіргі заманғы жабдықтардың, оның ішінде арнайы және кең ресурсты медициналық  технологиялардың қолданылуымен кәсіби білікті және кешенді тексерулер жүргізу.

- клиникалық мамандар мен диагностика бойынша мамандар үшін диагностикалық процестің барлық деңгейдегі ақпараттық қамсыздандырылуы.

- медициналық қызмет нарқындағы консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін пациенттердің жоғары сапалы медициналық қызметтерге сұранысын барынша қанағататтандыратын бәсекелестікке қабілетті медициналық ұйымды қалыптастыру.

- терапиялық қызметті пациенттердің мұқтаждықтары төңірегінде ұйымдастыру жолымен стационаралмастырушы көмектің спектрін кеңейтіп, көлемін ұлғайту.

- қазіргі заманға сай білімді және медициналық жоғары технологиялардың, профилактика, диагностика және емдеудің жаңа әдістерінің экономикалық және клиникалық тиімділігін қамтамасыз ететін мамандарды даярлау және қайта даярлау.

Басты құндылықтар

  1. Сапа және қауіпсіздік стандаттарына сәйкес қолжетімді медициналық көмек сұранысын қанағаттандыру.
  2. Жеке тұлғаның кәсіби тұрақты өсуіне және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беретін корпоративтік мәдениет.
  3. Пациенттің жеке басы мен абыройын сыйлау.
  4. Алқаластық, тұрақты өзін-өзі тексеру, сонымен бірге, жұмыс көлемі мен  жауапкершіліктің басымдылығының негізінде сенім жүйесін құру.
  5. Жарияланған принциптерге және жоғары стандарттарға берілгендік, пациенттермен қарым-қатынаста және ұжым арасында сенім мен адалдық-тың жоғары деңгейін көрсету. Пациенттерге қайырымды, сезімтал және кәсіби білікті персонал.
  6. Тұлғаның өзгерістерге дайын, кәсіби тұрақты өсуіне және өзін-өзі танытуға, алған білімін іске асыруға, мүдделі тараптардың идеяларын  қабылдауға және қолдануға мүмкіндік беретін ашық, инабатты және сенімді корпоративтік мәдениет.
  7. Жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінде қоғам алдындағы ашықтық, адалдық пен әдептілік принциптерін сақтау.
  8. Пациенттің игілігіне бағытталған мамандардың үздіксіз жүйелі сипаттағы біліктілігін арттыру негізіндегі жоғары кәсіби біліктілігі. Интелектуалдық капитал - персоналдың қабілетін тұрақты арттыру, олардың потенциалын толықтай іске асыру.
  9. Орталық қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық ресурстардың тиімді колданылуымен  инновациялық технологияларды ендіру.
  10. Дәлелді жұмыс жағдайы, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау.
  11. Тәлімгерлік институтын кеңінен ендіру.

Орталық туралы
мәлiмет

Дәрігерлерге сұрақтар