Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерінің

1. Жалпы ережелер

1.1. Медицина қызметкерлерінің Этикалық кодексі (бұдан әрі –Кодексі) медициналық ұйымының барлық қызметкерлері ұстануға тиіс медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен принциптер жиынтығын айқындайтын құжат болып табылады.

1.2.Осы Кодекс медицина қызметкерлері мен қоғам, пациент арасындағы қатынасты анықтайды және жеке тұлға мен тұтастай қоғамның құқы, абыройы, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, медицина қызметкерлерінің тұтастай қоғам ал­дындағы өз қызметі үшін моральдық жауап­кершілігін айқындайды. Этикалық кодексі ұйымдағы  тұлғалар арасындағы қатынасты реттеп, бірлескен қызметке  моральдық мағына береді.

2. Медицина қызметкері және қоғам

2.1. ҚДО медицина қызметкері өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, азаматтың денсаулық сақтауға және медициналық көмекке құқы туралы тарауын, дәрігер антын, ізгілік пен қайырымдылық принциптерін басшылыққа алады.

Медицина қызметкері өз міндеттерін қоғамның моральдық –этикалық принциптері, Гипократ анты және осы Кодекс негізінде адам өмірін, абыройын және пациенттің жеке тұлға ретінде құрметтей отырып  орындайды.

2.2. Кәсіби медициналық қызметтің негізгі  мақсаты – адам өмірін сақтау, оның денсаулығын сақтау бойынша шаралар атқару, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді.

2.3. Дәрігер өз кәсіби біліктілігімен  моральдық- этикалық  көзқарасымен, кез-келген тіршілік жағдайында  адамға қарым-қатынасымен  және кәсіби міндеттерін атқарумен өз әріптестеріне және басқа қоғам мүшелеріне үлгі болу керек.

3. ҚДО қызметкерлерінің құқы мен міндеттері

Орталық қызметкері міндетті:

  • өз біліктілігі, лауазымдық нұсқаулығы және қызметтік міндеттері бойынша сапалы және қауіпсіз медициналық көмек, оның ішінде моральдық көмекті қамтамасыз етуге жауапты;
  • жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамға медициналық көмек көрсетуге міндетті;
  • өзінің кәсіптік білімін, біліктілігін, эрудициясын үздіксіз жетілдіруге міндетті;
  • жоғары кәсіби көмек көрсету үшін бар күш-жігерін салуға, қойылған міндеттерін орындауда оптимальды және үнемді тәсілдерді қолдану, денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға міндетті;
  • азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, өз қызметтестерінің және өз  қателіктерін әділ талдауға міндетті;
  • медицина қызметкерлері тарапынан пациент денсаулығына зиян келтіретін ќиянатшыл және жете білмеушілік, түрлі кәсіптік білімсіздік іс-әрекеттерін жасауға жол бермеуі тиіс;
  • өз іс-әрекетімен ҚДО беделін арттыруға, мүддесін қорғауға, беделін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті;
  • пациенттердің еркіндігін, заңдық  мүдделерін, құқықтарын сақтау және қорғауды қамтамасыз етуге міндетті;
  • Орталық қызметкерлері бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге міндетті;
  • еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға міндетті;
  • жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге міндетті;
  • өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс;
  • медицина қызметкерінің қоғамдағы ролін ескере отырып, қолдан келгенше қоғамдық іс-шараларға әсіресе, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау шараларын қолдау және қатысуға міндетті;
  • медицина қызметкері тарапынан кеткен қателік немесе оның іс-әрекеті нәтижесінде күтпеген жағдай туындаған кезде, ол туралы пациентті, Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметін хабардар етуге және келеңсіз жағдайды түзетуге әрекеттенуі тиіс;
  • жіберілген қателіктің басқа дәрігерлердің клиникалық практикасында қайталануының алдын алу мақсатында  әріптестермен және басшылықпен талдануы және талқылануы қажет;
  • басқа қызметкерлер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылық  фактілеріне жол бермеуге әрі жолын кесуге міндетті;
  • қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге міндетті;
  • медицина қызметкері пациентті қисынсыз қауіп-қатерге душар етуге, өз білімін адамгершілікке жат мақсатта қолданбауы тиіс. Қандайда бір емдеу тәсілін таңдау кезінде дәрігер «Non nocere!» қағидасын басшылыққа алуы тиіс;
  • тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде кажетті шаралар қолдануға міндетті;
  • өз іс-әрекетімен және шешімдерімен қоғамның тарабынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылық танытуға, өз қызметіндегі кемшілік­терді жою әрі оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға міндетті.

Медицина қызметкері жасауға жол берілмейтін іс-әрекеттер

  • өз білімін мен  мүмкіндіктерін  адамгершілікке жат мақсатта қолдануға;
  • негіз жеткіліксіз болған жағдайда медициналық шаралар қолдануға немесе мүлде қолданбауға;
  • пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын зорлап міндеттеуге;
  • абайсызда немесе салақтықпен пациентке физикалық, моральдық және материалдық зиян келтіруге, және басқа біреудің осындай зиян келтіруіне араласпай қалуға;
  • медицина қызметкерінің жеке теріс ұғымы және басқа да кәсіби емес себеп-салдар диагностика мен емдеуге әсерін тигізбеу керек;
  • пациенттің ақылы медициналық көмек көрсетуден бас тартуы оның Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік кепілдік шеңберінде берілетін тегін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінің төмендеуіне, көмек түрлерінің және көлемінің азаюына себеп бола алмайды;
  • пациенттен  сыйлық алу немесе пациентке сыйлық беру өте орынсыз, өйткені сыйлық бермеген немесе алмаған пациент өзіне қамқор азырақ жасалатындай әсер алады. Көрсетілген қызметі үшін сыйлық алу немесе беруге болмайды. Қолма-қол ақшалай немесе қымбат бағалы сыйлықтар алуға тыйым салынады;
  • жеке дәрігерлік практикасында немесе басқарып отырған денсаулық сақтау орнының пациенттері санын ұлғайтуға өзінің сайлану, әкімшілік және басқа қызметтік лауазымын пайдалануға;

4.Медициналық қызметкер және пациент

4.1. Медицина қызметкері пациенттің ар-намысы мен абыройын, және оның жеке өміріне араласпау құқығын құрметтеуі тиіс, пациентке және оның жақын туыстарына қамқорлық пен шыдамдылық танытып, мейірімділік көрсетуі тиіс, науқастың жақындары мен туыстарының мазалануына түсінікпен қарап, сонымен қатар кәсіби тұрғыда араласуға себеп болмаған жағдайда пациенттің және оның отбасы мүшелерінің өміріне араласпауы қажет.

4.2. Әрбір пациент жеке құпиясын сақтауға құқылы, дәрігер медициналық көмек көрсетуге қатысушы басқа да тұлғалармен қатар пациент қайтыс болғаннан кейін де, дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті, пациент басқаша өтініш айтпаған жағдайда оның дәрігерге қаралуға келу фактісі де құпия болуы тиіс. Құпиялылық медициналық көмек сұрап келген кезде анықталған айғақтар туралы ақпарат, азаматтың денсаулық жағдайы, оны тексеру және емдеу кезінде алынған оның дерті туралы диагноздар мен басқа мәліметтерге де қатысты.

5.Медициналық қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастар

5.1. Медициналық қызметкерлер арасындағы өзара сыйластық, сенім қарым-қатынастары  пациент мүддесін сақтауға бағытталған болу керек.

5.2. Дәрігер медициналық достастықтың ар-намысы, дәстүрлерін сақтап, өз әріптестеріне мейірімділікпен қарауға тиіс. Әріптестермен арасындағы қарым-қатынасы шындық, әділдік, мейірімділік, парасаттылықтан құралу керек, олардың білімі мен еңбек  тәжірибесін қадірлеп, өз білімі мен іс-тәжірибесімен риясыз бөлісуге дайын болу керек.

5.3. Әріптесіне жасалған сын айғақты және оны қорламауы тиіс. Әріптесінің жеке тұлғасы емес,тек кәсіби әрекеттеріне сын жасалады. Өз беделін көтеру үшін әріптесінің беделін түсіру әрекеттеріне жол беруге болмайды. Медицина қызметкері пациент және оның туыстары алдында өз әріптесі немесе оның кәсіптік біліктілігіне күмән келтіруге құқы жоқ.

6. Дәрігер мамандығына құрмет

6.1. Дәрігер мамандығына құрмет принципі қызметінің барлық сферасында сақталуы тиіс: кәсіби, қоғамдық, публистикалық және т.б.

6.2. Әрбір медицина қызметкері мамандығына сый-құрметті түсіретін сынға себепкер болатын іс-әрекеттерден немесе пікір айтудан тартыну керек.Өз қызметімен  медицина қызметкері мамандығының беделін сақтауға және арттыруға мүмкіндік жасауға, сонымен бірге осы Кодекстің ықпалын көрсетуі тиіс.

6.3. Медицина қызметкері өзіне диагностика және емдеу, дәрігерлік  өнерді үйреткен адамдарға өмір бойы алғыс пен құрмет көрсете білуге міндетті.

7. Қорытынды ережелері

7.1. Осы Кодекс Қалалық диагностикалық орталықтың әрбір медицина қызметкері үшін міндетті күші бар құжат болып табылады.

 Консультативтік диагностикалық көмек амбулаторлық деңгейде және күндізгі стационарда профилактикалық, диагностикалық, емдік қызметтер көрсетілуімен жүзеге асырылады:

  • тегін медициналық көмектің  кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК);
  • медициналық ұйымдармен қосалқы мердігерлік шарттарға сәйкес;
  • сақтандыру ұйымдарымен;
  • емделушілердің инициативасы бойынша ақылы негізде.

Сонымен қатар, ҚДО-да скринингтік бағдарламалар шеңберінде

В және С созылмалы вирусты гепаттиттерді.колоректальды обырды анықтау, пренатальдық ультрадыбыстық диагностика бойынша зерттеулер жүргізіледі.

ТМККК шеңберінде бейінді мамандармен  көрсетілетін консультативтік диагностикалық көмек ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарт, БМСК ұйымдары мамандарының жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.

Орталықта шұғыл консультативтік диагностикалық көмек тегін көрсетіледі.

Орталықтың 1 ауысымдағы қызмет көрсету мүмкіндігі 700-750 келуші, 2000-нан астам зертханалық зерттеу түрлері орындалады, олардың 50-60% ауыл тұрғындары. ОҚО тұрғындарына консультативтік медициналық қызмет-тің 35 түрі және 260 диагностикалық және 350 зертханалық зерттеу түрлері бойынша қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі күні диагностикалық орталық  - бұл 2 клиникалық, 5 диагнос-тикалық, бөлімше, сонымен бірге, күндізгі стационар және сауықтыру бөлімшесі. Орталықта медициналық әдебиет, ғылыми-практикалық материалдарға бай кітапхана жұмыс істейді, сонымен қатар, ғылыми-практикалық семинарлар, мастер класс, конференциялар өткізуге арналған  150 орындық  мәжіліс залы бар.

Орталық туралы
мәлiмет