Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 143 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
  2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:
  • Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
  • жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық есепті ұсынсын.
  • Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі берген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есептің негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша қорытынды жобасын қалыптастырсын және есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
  • Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.
  • Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Скачать - 1.46 MB

Пациенттер
үшін ақпарат

Дәрігерлерге сұрақтар