Құрметті ханымдар мен мырзалар!



"ОКДМО" МКҚК Бас дәрігері м.ғ.к. Мырзахметова Шолпан Исабекқызы

     Қазіргі заманғы Отандық денсаулық сақтау саласы дамуының деңгейінде оның мақсаты тәуекел факторы мен түрлі ауруларды ерте анықтау профилактикалық бағыты маңызды болып қала бермек. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі медициналық көмек көрсету жүйесінде жетекші звено болып табылатын диагностикалық қызмет осы мақсаттары шешу жолында маңызды роль атқаруда.

Бүгінгі күнге дейін Диагностикалық орталықтың (әрі қарай ДО) 20 жылғы жұмысында қызметті ұйымдастыру бойынша қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлелдеп отыр. Облыс тұрғындарына көрсетілетін консультативтік диагностикалық көмектің әрі қарай дамуы және жетілдірілуі үшін біздің Орталық 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы диагностикалық орталықтарының интеллектуальдық мүмкіндіктерін біріктіретін «ҚР диагностикалық орталықтар ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрамында және «Республикалық диагностикалық орталық» акционерлік қоғамымен бірлесе жұмыс істеп келеді.

        Заманауи медициналық технологияны және диагностика мен емдеудің жаңа тиімді, перспективті әдістерін қолдану – Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Бүгінгі күні облыс тұрғындарына консультативтік диагностикалық көмек көрсетудің негізгі міндеттерін орындау мақсатында Орталық жоғары өнімді және аса тиімді заманауи медициналық-диагностикалық жабдықтармен жарақталған.

Орталықтың емдеу-диагностикалық процесіне ақпараттық бағдарламаларды  ендіру (медициналық ақпараттық, зертханалық ақпараттық, электрондық кезектілік жүйесі), сонымен қатар медициналық персоналдың жоғары біліктілігі және материалдық-техникалық базасының берік, жаңа технологиямен жабдықталғандығы, пациенттің деректерінің электрондық базасының құрылуы Орталықтың интенсивті режимдегі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пациенттерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасын бағдарлай отырып, дәрігерді және медициналық ұйымды таңдау құқығын беретін Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) шеңберінде Орталық ОҚО медициналық мекемелері арасында бәсекелесуге қабілеттілігін дәлелді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі маңызды  бағыттардың бірі зертханалық жүйені оңтайландыру және орталықтандыру жолымен зертханалық қызметті жетілдіру мақсатында 2014 жылы Орталықтың базасында заманауи автоматтандырылған зертханалық жабдықтармен жарақталған Орталықтандырылған медициналық зертхана қызметі ұйымдастырылды.

Орталықтың емдеу-диагностикалық процесін ұйымдастырудың принципі - диагностика және емдеудің сапалылығы мен дәлдігі, пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

Бiздiң Орталықтың есiгі Сiз үшiн әрдайым ашық!